Алматыда екі автобус соқтығысты

Автор: Аманалина Тоғжан

Жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті

Видео: Instagram/almatinec_life

Алматыда екі автобус соғысып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 10 наурыз күні сағат 09:00 шамасында Алатау ауданында болды.

«Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан», - деп хабарлады полициядан.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

Аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.