Жеңіл көлік ағашқа соғысқан
Алматы облысы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жеңіл көлік ағашқа соғылып, ішіндегі жолаушының денесін шығару үшін оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шақырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты.
Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.