Астана маңындағы Талапкер ауылында техниканы сақтауға арналған шағын бөлме өртенді
Күзетші ауруханаға түсті
9 наурыз күні сағат 02.26-да Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылында 100 ш.м. алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт орт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жөнелтілді.
«Өрт сөндірушілер үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуына тосқауыл қойылып, сондай-ақ екі камаздың, екі тиегіштің және бір газ тасымалдағыштың жануына жол берілген жоқ. Сыртқа 10 газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 03.24-те оқшауланды, сағат 03.54-те жойылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін күзетші Астанадағы №1 ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталуда.