Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап алды
Алматыдағы «Жібек жолы» сауда орталығында өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түрксіб ауданының Сейфуллин көшесінде болған өрт туралы хабарлама ТЖД өкілдеріне сағат 11:50-де түскен.
Өрт сөндірушілер төрт қабатты «Жібек жолы» сауда орнының 4-қабатында орналасқан әкімшілік кабинетінің техникасы, жиһазының жанып жатқанын анықтаған.
«Өртті барлау және сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен келушілерді эвакуациялау ұйымдастырылып, өртке қарсы автосатыры орналастырылды, өрт оқпандары енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап алды», - делінген ақпаратта.
Атқарылған шаралармен өрт 12:13-те оқшауланып, 12:21-де жойылды.