Жинақталған құжаттар зерделеніп, тиісті сараптамалар тағайындалуда
Қызылорда облысы Арал ауданында автокөлік МАИ көлігімен соғысып қалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 7 наурызда Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында болған.
«Автокөлік кептелісі салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жинақталған құжаттар зерделеніп, тиісті сараптамалар тағайындалуда», - делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, адам шығыны және жарақат алғандар жоқ.