$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«8 адам көз жұмды»: Ақтөбе-Астрахань автожолында болған жол апатының алдын ала себебі айтылды

Қайтыс болғандардың төртеуі – бала

«8 адам көз жұмды»: Ақтөбе-Астрахань автожолында болған жол апатының алдын ала себебі айтылды
видеодан скриншот

8 адам қаза тапқан Ақтөбе-Астрахань автожолындағы жол апатының алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жантүршігерлік жол апаты Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астрахань) тас жолында болды.

«Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол көлік апатының орнында Lada көлігінде болған 8 адам тіл тартпай кетті. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Жол апаты болған кезде жол ашық болған, қажетті жол белгілерінің бәрі көрініп тұрған.

Еске салайық, жол апаты 6 наурыз күні болды.

Серіктес жаңалықтары