Оған мемлекетаралық іздеу де жарияланған
Ақмола облысында полицейлер алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жоғалған 40 жастағы Астана тұрғыны Қорғалжың ауданы Шалқар ауылында болған.
2018 жылы жазда оның әпкесі Астана полициясына жүгінген. Ол ағасының үйден шығып кеткенін және оралмағанын айтқан. Ер адамды астаналық қана емес, облыстағы полицейлер де іздестірді.
«Оған мемлекетаралық іздеу де жарияланды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Ер адам бірнеше ай бұрын келген жеке үйлердің бірінен табылған. Қазір оның ұзақ уақыт бойы неліктен хабарсыз кеткені анықталып жатыр.