Абай облысында көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған шұғыл психологиялық көмек көрсетілді

Фото: t.me/qr_tjm

Абай облысында құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.