$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталды

Подполковник 14 жасар баламен кездесуге мас күйінде келген

Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталды
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Azattyq Ruhy

Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған. 

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, жуырда ғана Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес педофильдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

 

Серіктес жаңалықтары