Жамбыл облысында жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Автор: Мира Байбек

29 жолаушы автобустан өз бетінше шығып үлгерген

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД мәліметінше, автобус Алматы – Ташкент автокөлік жолында кетіп бара жатқан.

«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.