Израиль әскері Газа қаласы маңында оқ жаудырды
Израиль әскері Газа қаласы маңында оқ жаудырып, салдарынан 70 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Газа Денсаулық сақтау органдарының мәлімдеуінше, 280 адам жарақат алған. Израиль Қарулы Күштерінің өкілі атыс туралы ештеңе білмейтінін айтқан.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кидра бұл оқиға елдің солтүстік бөлігіндегі Газа қаласының батысындағы Ән-Набуси айналма жолында болғанын хабарлады. «Әл-Шифа аураханасына түскен ондаған адамды құтқарып қалу мүмкін болмады» дейді ол.
ХАМАС содырлар тобы бұл оқиғаның бітімгершілік келісіміне қол жеткізуге және кепілге алынғандарды босатуға кері әсерін тигізетінін ескертті.
ХАМАС тобы мен Израиль әскері арасындағы соғыс 2023 жылы 7 қазанда басталды.
Аударған: Айжан ТЕМІРХАН