$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2024, 22:43
Оқиғалар

Алматы облысында демалыс аймағында өрт шықты

Өрт салдарынан 1969 және 1978 жылы туған екі азамат орталық аудандық ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында демалыс аймағында өрт шықты
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы Байсерке ауылында демалыс аймағының аумағында жалпы ауданы 66 шаршы метр болатын контейнер жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 28 ақпанда сағат 13:48-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданының Байсерке ауылында «Африка» демалыс аймағының аумағында жалпы ауданы 66 шаршы метр болатын контейнердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу шықты. Ең жақын өрт сөндіру бөлімшесінен қашықтық-15 шақырым, облысы орталығы Қонаев қаласынан қашықтық-46 шақырым. Қабылданған шаралармен өрт сағат 14:29-да оқшауланып, сағат 14:34-те жойылды. Өрттің алдын-ала себебі -электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт салдарынан 1969 және 1978 жылы туған екі азамат орталық аудандық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары