Қайғылы оқиға бүгін сағат 08.44-де болған
Ақмола облысында ғимараттардың бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін сағат 08.44-де болған.
«Целиноград ауданы Нұресіл ауылындағы аула ғимараттарында 250 шаршы метр алаңда өрт болды. Өрт сағат 10.00-де оқшауланды. Өрт орнында ер адамның денесі табылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 техника және Астана қ. ТЖД жеке құрамынан 13 құтқарушы және 4 техника жөнелтілді. Өрт 13:00-де сөндірілді», - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.