Тарбағатай табиғи паркінің басшысы туысына 5,5 млн теңге заңсыз жалақы төлеп келген

Ол 4 жыл бойы қызметтік міндеттерін орындамастан жалақы алып жүрген

Тарбағатай табиғи паркінің басшысы туысына 5,5 млн теңге заңсыз жалақы төлеп келген
Фото: tarbagatay-gnpp.kz

Абай облысында прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджетке 5,5 млн теңге заңсыз төленген жалақы өтелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Облыс прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алды», - делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.

«Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.