Бородулихада өртенген үйден бір адамның денесі табылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әсет Құндақбаев

Бүгін таңғы сағат 08:00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін тұрғын үйде шатырдың, қабырғалардың, терезе мен есіктердің ағаш құрылымдары өртеніп, ағаш қосалқы ғимараттарға таралғаны анықталды.

«Өрт 10.56 сағатта оқшауланып, 12.02 сағатта толығымен жойылды. Өрттің алдын ала ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Өрттің себебі анықталуда. 10.54 сағатта өрт орнында бір адамның денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Өрт орнында Абай облысы ТЖД-дан жеке құрамның 9 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.