26.02.2024, 15:57
Оқиғалар
Теміртауда екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған
Тәртіп сақшылары оларды ұстады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Медицина мекемесінің қызметкерін соққыға жаққандар қаланың екі тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«26 ақпанда түнгі сағат 01.00-де Теміртау қаласында көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреулер 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Сол себепті жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер «ізін суытпай», 25 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды