Оқиға орнында өрт пайда болған
Алматы облысының Қарасай ауданында электр сымдарының қысқа тұйықталуы ер адамның өліміне әкелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 ақпанда сағат 02-49-да Алматы облысы ТЖД Райымбек ауылдық округінде саяжай қоғамының тұрғын үйінде 68 ш.м. алаңда өрт болып, салдарынан төбе жабыны құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
«04-00-де өрт оқшауланып, 05-03-те сөндірілді. Өрт орнында үй иесінің денесі табылды. Өртті сөндіруге ТЖД, полиция, жедел жәрдемнің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.