Кеше де шаһарда жер дүмпуі болған еді
Бүгін, яғни 25 ақпан сағат 10:16 шамасында Алматы қаласында жер сілкінісі байқалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3.
MPV магнитудасы 5.9. Эпицентрдің координаттары 414.10° С. Е. 78.32° ш. б. тереңдігі 10 шақырым.
Алматы қаласында 3 балдық дүмпу сезілді.
«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі», - делінген хабарламада.