Түркістан облысында 51 жастағы әйел мешіттегі кілемдерді ұрлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде

Фото: Түркістан облыстық ПД

Сарыағашта 51 жастағы әйел ұрлық жасау фактісі бойынша ұсталды. Ол мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Полицияға аталған қылмыс туралы мешіт қызметкерлері хабарлаған.

Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді ұрлап кеткен.

Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақты заттарды тәркіледі.

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.