Алматыда үй өртеніп, ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт 12 сәуір күні Медеу ауданы Сазановская 68 мекен-жайында тіркелген

Алматыда болған өрт салдарынан ерлі-зайыпты жұп қайтыс болды деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, өртенген үйдің қабырғалары қамыстан жасалған екен. Ғимарат ішінде екі адам болған: 1998 жылғы – ер және 1989 жылғы әйел адам. Оларды үйдің терезесі арқылы шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Дәрігерлер олардың өмірлерін аман алып қала алмады. Алдын ала болжам бойынша, екеуі де түтінге уланып қайтыс болған.

«Өрт сөндіру бөлімшесі сол үйден небәрі 1,5 шақырым қашықтықта болған, сондықтан өрт сөндірушілер оқиға орнына небәрі 5 минутта келді. Бұл кезде үйдің солтүстік жағындағы бөлігі мен шатыры өртеніп жатты және жалын көрші тұрған ғимарат пен автокөлікке қауіп төндірді», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Өртті толықтай сөндіруге 26 минут жұмсалды. Барлығы 60 шаршы метр жер отқа оранған.

Тегтер: