Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды
Астанада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, сағат 21.30-да елордалық өрт сөндірушілер Мұхамедханова көшесіндегі пәтер өртеніп жатыр деген хабар бойынша оқиға орнына барды.
Келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жану, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда.
Сағат 21.51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап, 21.55-те өрт толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.