4 саяжай массивінен 9 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды
Алматы облысында табылған төрт саяжай массиві жабылды. Ол аумақтарда тұрғындардың коронавирус инфекциясымен ауырған 9 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальге жатқызылып, олардан сол мезетте коронавирусқа анализ алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен, Еңбекшіқазақ ауданындағы: «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» төрт саяжай массиві бірден карантинге жабылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.