Тимур Елеусізовке қатысты іс сотта да қаралмақ
Тимур Елеусізов көпшілік алдында былапыт сөз айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол әлеуметтік желіге жариялаған видеосында полицияға шақырылғанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Аудандық ішкі істер бөліміне келдім, түсініктеме жаздым. ҚР ӘҚБтК-нің 434 – бабы – «ұсақ бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартылдым. Жіберген қателік үшін жауап беру керек. Бұл заңның алдында бәріміздің бірдей екеніміздің екенімізді білдіреді»,- деді экология белсендісі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі істің сотқа жіберілетінін мәлімдеді.
«Т.М. Елеусізовке қатысты қоғамдық орында былапыт сөз айту фактісі бойынша материал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді», - деп хабарлады.
Бұдан бұрын жазғандай,Тимур Елеусізов Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында баяндама оқып жатып, боқтап жіберген болатын. Оның боғауыз лексика қолданған видеосы бірден тарап кетті.