Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 951 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

12 сәуір 23.30-дегі эпидемиологиялық жағдай 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам тiркелді, Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы облысында - 9 адам, Алматы қаласында - 5 адам, Түркістан облысында - 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осылайша, елімізде COVID-19 қауіпті вирусын жұқтырғандар саны 951 адамға жетті.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 251 адам, Алматы қаласында – 165 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 21 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 118 адам, Батыс Қазақстан облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 43 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 951 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.