Павлодар облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесі Ақтоғай ауылынан 10-15 км қашықтықта табылған

Видеодан кадр

19 ақпанда Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының маңында 1981 жылы туған азамат жоғалып кетті, ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.