Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіруде
Бүгін сағат 08:44-те Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданы бойынша жоғары дәрежеде шақырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.