Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болып, үйінді астынан 1 адам шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге 24 адам және 6 техника жұмылдырылды

Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. 

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты. 

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді. 

Өртті сөндіруге 24 адам және 6 техника жұмылдырылды.