Жедел штаб жұмылдырылып, екі өрт сөндіру аймағы құрылды
Алматыдағы барахолка базарының қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін сағат 10:40-та өрт сөндірушілер Жетісу ауданындағы Көкмайса-27 ықшамауданы мекенжайына өрттің жоғары деңгейі туралы хабарламаға шықты.
Ашық жалынмен қойманың шатыры өртеніп жатыр. Жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары тартылды.
«Жағдай қала бойынша бейнебақылау камераларының және түтін мен өртті анықтаудың көмегімен төтенше жағдайлар бақылауында. Жедел штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру аймағы құрылды. Жеке көліктер кедергі жасап жатыр, өзара әрекеттесу қызметтері нысанды токтан ажыратып жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.
Сағат 11.31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) эвакуацияланды. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуымен күрделене түсті.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеуде.
Сағат 12.28-де қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды.