Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жасар баланы зорлаған: полиция ақпаратты растады

Автор: Azattyq Rýhy

Оқушы қамауға алынды

Фото: pixabay.com

Қызылорда қалалық полиция басқармасы 16 жастағы жасөспірімнің 6 жастағы баланы зорлау дерегін растап, оқушының қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың хабарлауынша, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы Департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді. А. Қасанов.

БАҚ мәліметінше, қазіргі кезде жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.