Өңірде әлі де құтқару жұмыстары жалғасуда
Бүгін, яғни 15 ақпанда сағат 18-04-те Ақмола облысы Жақсы ауылының шетіндегі «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тасжолында қалған автобустан 64 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобуста болған Өзбекстан азаматтары Жақсы ауылындағы N1 орта мектептің жылу пунктіне эвакуацияланды.
«Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару жұмыстарына Жақсы ауданының құтқарушылары Аяз Макашев, Сайлаубек Қажымұратов шықты», - делінген хабарламада.