Эвакуацияланғандардың арасында бір жүкті әйел бар
ШҚО құтқарушылары жолда қалған 13 жолаушыны, олардың арасында аяғы ауыр әйел, бала және қарт адамдарды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өскемен-Алматы» жолында қар құрсауында 3 автокөлік қалды.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары автокөлікпен Өскеменге дейін 13 жолаушыны, оның ішінде 2 қарт адам, 1 жүкті әйел және 1 баланы эвакуациялады.