Көкшетауда құрылыс аумағынан өрт шығып, бір адам қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Өрт 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет будкасында болған

Фото ашық дереккөзден

Көкшетау қаласында құрылыс аумағынан өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, өрт салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағындағы 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет будкасынан шыққан.

«Өрт уақытылы сөндірілді. ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт болған жерден өлі адам табылды», - делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі - электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.