Полицияның мәліметінше, оқиға 12 ақпанда болған
Астанада тапа тал түсте болған тонау оқиғасы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның мәліметінше, оқиға 12 ақпанда болған.
«Белгісіз адам қызға шабуыл жасаған. Осы оқиғадан кейін күдікті бірден «ізін суытқан». Шабуылдаушыға іздеу салынды», - делінген хабарламада.
Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысының ПД қызметкерлері жұмылдырылды.
Күзет патрульдері сағат 06:00 шамасында Семей қаласына кірер жолдағы «Ертіс» бақылау пунктінде Тоүота автокөлігінің салонында жолаушы ретінде отырған күдіктіні байқады.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, жақын арада елордалық әріптестерге тапсырылады.