$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2024, 15:08
Оқиғалар

«ҚазАвтоЖол» қызметкері жұмысын атқару кезінде қаза тапты

Жол апаты «Самара-Шымкент» автожолында болған

«ҚазАвтоЖол» қызметкері жұмысын атқару кезінде қаза тапты

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкері жұмысын атқарып жүріп қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Компанияның баспасөз қызметінен хабардағандай, қайғылы оқиға 10 ақпан 14:00 шамасында Самара-Шымкент автожолының 1285-шақырымында болған.

«Жол-көлік оқиғасының (жол бойында тұрған көлікті соққан) салдарынан тікелей қызметтік міндетін орындау кезінде «ҚазАвтоЖол» Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Бақытжанұлы Сыдықов қайтыс болды. Оқиға «Самара-Шымкент» автожолында Арал ауданы Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды», - делінген хабарламада.

Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытқан.

Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ марқұмның артында қалған отбасына компания тарапынан бүкіл қажетті қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары