Оңтүстік Кореяда 100-ге жуық адам екінші мәрте Covid-19 вирусына шалдыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар ағзаға түскен вирус қайта жандануы мүмкін деп топшылауда

Оңтүстік Кореядағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 91 пациенттің ағзасы Covid-19 вирусына қайта шалдықты, деп  хабарлайды корейлік «Рёнхап» ақпарат агенттігі.

Емделушілер карантиннен шығарылғаннан кейін қысқа уақыт аралығында коронавирустық инфекциясымен екінші рет ауырған. Орталық мамандары бұл жаңа жұқтырулар туралы емес, ағзаға түскен вирустың қайта жандануы деп топшылап отыр. Бұған дейін бірқатар вирусологтар мен эпидемиологтар коронавирус ағзаның кейбір жасушаларында латентті, яғни жасырын болуы мүмкін, кейін ол жанданып, тыныс алу органдарына шабуылды қайта  бастайды деген болжам айтқан болатын.

Оңтүстік Кореяда күн сайынғы коронавирус жұқтыру фактісі бойынша тіркелгендер саны азаюда.

Елде қазір Covid-19  жұқтырғандар cаны 10 500 мыңға жуықтап отыр.