Алматыда ер адам дүкенде адамдарға оқ атты

Автор: Аманалина Тоғжан

Күдікті ұсталып, қамауға алынған

Әлеуметтік желілерде қарулы адамның көкөніс дүкенінде тұрған тұрғындарға шабуыл жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

Видеодан көрінгендей, бір адамға оқ тиіп, жараланды.

Полицияның хабарлауынша, оқиға өткен желтоқсан айында болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Полиция қызметкерлері тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында екенін айтты.