Іздеу-құтқару жұмыстарына 9 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан бағдарынан адасып кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мамандары 10 ақпанда сағат 21:00-де Жаңаарқа ауданында Актүбек қыстағынан 25-30 шақырым жерде ауа райының қолайсыздығына байланысты бағдарынан адасып кеткен 1972 жылы туған ер адамды 1 сағаттың ішінде тауып құтқарды.
«Іздеу-құтқару жұмыстарына 9 адам мен 1 бірлік техника құрамындағы ТЖД мен Жергілікті атқарушы органдар қатысты. Медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.