Меншік иесі мен жұмысшылар карантин талаптарын бұзған
https://www.coronavirus2020.kz/Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген көлік жуу орталығының иесі жазаланды, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz cайты.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Төле би көшесінде орналасқан көлік жуу орталығы карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген.
«Меншік иесі мен жұмысшылар карантин талабын не үшін бұзғандарын түсіндіріп бере алмады. Әрине, бәрінің қосымша ақша тапқысы келгені түсінікті, бірақ елде төтенше жағдай жарияланған уақытта халықтың денсаулығына қауіп төндіру – қылмыс. Көлік жуу орталығының иесі мен сонда жұмыс істейтіндер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігі (карантинді бұзу және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Біз осындай нысандарды анықтап, карантин режимін бұзушыларды қатаң жазалайтын боламыз», – деді Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.