Семейде ірі базар өртке оранды

Автор: Мира Байбек

Өрт бірнеше сағаттан бері сөндіріліп жатыр

Семейде ең ірі киім базары түн жарымында өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, өрт 6 ақпанда түнгі сағат 03:00 шамасында «Ақшын» базарынан өрт шыққан.

«Оқиға орнында өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Полиция қызметкерлері  арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Өрттің ықтимал себептері, сондай-ақ өрт аумағы туралы әзірге хабарланған жоқ.