Ақмола облысында 11 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамаған

Бейнеден кадр

Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан бес адам зардап шекті. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғаcының видеолары әлеуметтік желіде тарады.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимінен асып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.