Семейде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеп, жол апатына себепкер болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды

фото: ашық дереккөзден

Ер адам 2023 жылдың 5 қазанында қарсы қозғалысқа арналған жолға шыққаны үшін 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған, бірақ бұл жағдай оны тоқтатпады. Ол мас күйде LADA Granta автокөлігінің рөліне отырып басқа көлікпен соқтығысуға жол берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

​Медициналық куәландыру актісінің қорытындысына сәйкес, ол Усть-Каменогорская көшесінде көлікті басқара алмай, Daewoo Nexia көлік қуралына соғылған кезде «жеңіл дәрежелі» мас күйде болғаны анықталды.

«​Сотқа дейінгі тергеп-тексеру көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соқтырған, оған құқығынан айырылған және мас күйде жүрген адамның көлікті басқару фактісі бойынша жүргізіледі. ​LADA Granta жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады» , - делінген хабарламада.