Өскеменде жанжалдасқан оқушылардың бірі екіншісіне пышақ сұғып алған
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда
Өскемен қаласындағы мектепте екі оқушының арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін қаладағы орта мектептердің бірінде болған. Екі оқушы өзара ерегесіп қалған. Сол кезде жасөспірімдердің бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберді.
Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген. ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда. Бақылау камераларының бейнежазбалары зерттелуде. Қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.