Қазақстандық радикал Стамбулдан депортацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол сот санкциясымен қамауға алынды

Фото: ҚР ҰҚК

27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жастағы қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды», - деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.