Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты болып, салдарынан үш адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.