Жарақат алғандар қатарында 10 бала бар
Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны – 44 адам, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Бүгін, түннен таңға дейін Алматыда бас жарақаты, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.
Әр түрлі көрсеткіштермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам бар. 3 науқас ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді.
Авторы: Сымбат ҒАЛЫМЖАН