Бұл халықтың тығыздығына байланысты
Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындарына жер сілкінісі туралы SMS-хабарламаның не себепті келмегенін түсіндірді.
Оның айтуынша, SMS-хабарламаларды жедел жіберу кезінде тәжірибе көрсеткендей, бұл деректер біздің қала тұрғындарына кеш жетеді. Ал оның себебі халықтың тығыздығына байланысты.
«Ұялы байланыс операторларының ақпаратты өңдеуге уақыты жоқ, сәйкесінше жедел ақпарат кеш жетеді», - деді Нұрлан Атығаев.
Айта кетерлігі, жер сілкінісі туралы SMS тұрғындарға зілзала тіркелгеннен кейін 2,5 сағатта келіп түскен.
Авторы: Сымбат ҒАЛЫМЖАН