Қалада тайғаққа қарсы 15 тонна ұнтақ себілді
09 сәуір күні сағат 03.00-ден кейін Алматы қаласында жаңбыр жауса, таулы аймақта қар түсті. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 4 см қар түскен, деп хабарлайды қала әкімдігі.
«Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылды», - делінген хабарламада.
Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.