Құтқарушылар қар құрсауынан шығарылғандарды Көктұма станциясына эвакуациялады
19 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында қалып қойып, қалған жүк автомашиналарының жолын бөгеген бір жүк машинасының салдарынан автомашиналар кептеліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10-ӨСБ жеке құрамының күшімен жүк көлігі қар құрсауынан сүйретіліп, қалған 5 автокөлік Достық станциясына жеткізілді.
Сол күні «Үшарал-Достық» автожолының учаскесінде ішінде екі адамы бар 1 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды.
Құтқарушылар оларды Көктұма станциясына эвакуациялады.