Ақмола облысында автокөлік пен электровоз соқтығысты

Azattyq Rýhy

Салдарынан бір адам көз жұмды

Ақмола облысында автокөлік пен электровоз соқтығысты

Ақмола облысының Есіл ауданында автокөлік пен электровоз соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19-шы қаңтарда Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжінің маңындағы теміржол өткелінде болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметінің диспетчері полицияға хабарлаған.

Анықталғандай, Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы басқарған «Lexus RX 300» көлігі реттелмейтін теміржол өткелінен өтпек болған кезде Есіл қаласы бағытында жүріп бара жатқан «Дрезина» электровозымен соқтығысқан. Салдарынан автокөліктің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал электровоз жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

«Қазіргі кезде, полиция жол-көлік оқиғасына байланысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.