$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2020, 11:24
Оқиғалар

Атыраудағы соңғы 3 науқас Ыстамбұлдан келгендермен байланыста болған

Олар бұған дейін карантиндік стационарда жатқан

Атыраудағы соңғы 3 науқас Ыстамбұлдан келгендермен байланыста болған
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған соңғы 3 науқас Ыстамбул – Атырау рейсінің жолаушыларымен қарым-қатынаста болған, деп мәлімдеді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Коронавирус инфекциясы 1958 жылы туған ер адам мен әйел адамнан және 1981 жылы туған ер адамнан анықталды. Олар бұған дейін карантиндік стационарда жатқан.

«Бүгінгі таңда ауру жүқтырған науқастардың бәрі карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда», - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Осылайша, бүгінгі күнге дейін Атырау облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққандар саны 39 адамға жетті.

 

Серіктес жаңалықтары